Қазақстанда тұрмыстық техника бір жылда 18 пайызға қымбаттады
Қазақстанда тұрмыстық техника бір жылда 18 пайызға қымбаттады
© azattyq-ruhy.kz
1,239
оқылды
Қазақстандықтардың үй шаруашылығы 100 пайыз ас үй плитасы, 99,7 пайыз тоңазытқыш, 96,1 пайыз кір жуғыш машинасы, 94,1 пайыз шаңсорғыш, 79,1 пайыз қысқа толқынды пешпен қамтылған, – деп хабарлады Energyprom.kz.
Елімізде мұздатқыш камера, мультиварка, тігін машинасы, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық құралдарды сатып алу көрсеткіші төмен. 2021 жылы сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінде 11,7 мың үй шаруашылығы қатысты. Қалалық жерлерде тұратын халықтың кір жуғыш машина, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультиварка, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі ауыл халқына қарағанда жоғары. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасымен қамтамасыз ету, керісінше, қала тұрғындарына қарағанда жоғары. Осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде тұрмыстық техника бағасы бір жылда 18,1%-ға өсті. Бағаның көтерілуі Алматы облысынан байқалды. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да 20 пайызға дейін көтірілген. Оның ішінде тоңазытқыш пен мұздатқыш жылына 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға қымбаттады. Айта кетейік, еліміздегі тұрмыстық құралдардың басым көпшілігі импорттық. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде барлығы 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш өндірілді. Сонымен қатар сектордағы импорт 144,9 мың бұйымды құрады. Сонымен қатар, бірінші тоқсанда Қазақстанда мүлдем өндірілмейтін 150,8 мың кір жуатын машина мен кір кептіретін машина, 89,1 мың тұрмыстық шаңсорғыш, 181,9 мың миксер, ұсақтағыш пен шырын сыққыш және т.б. әкелінді.