БҚО-да суға батып бара жатқан жігіт құтқарылды
БҚО-да суға батып бара жатқан жігіт құтқарылды
846
оқылды
Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары 26 жастағы жігітті суға кетуден құтқарып қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 шілде күні Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округіне қарасты Шалғын елді мекенінде болды.
«Шамамен сағат 17.30-да 26 жастағы жігіт Шиелі өзеніне батып кеткен. Сол маңда жүрген жасы елулердегі Омарбек Хабиев оны судан шығарып алған. О.Хабиевке 11-сынып оқушысы Бекбол Бақыт көмектескен. Екеуі дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен. Зардап шеккен жігіт Сырым ауданы Жосалы ауылының тұрғыны болып шықты. Ол Қоскөл ауылында тұратын жездесіне қонаққа келген. Шиелі өзені бойында туыстарымен бірге болған. Ішімдік ішпеген. Суда екі минуттай жатып қалған. Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері жетіп, көмек көрсетті. Жеті сағаттан кейін жігіт есін жинаған. Сағат 01.30-да оны Сырым аудандық ауруханасына алып кеткен. Қазір жағдайы орташа», - деп хабарлады ведомстводан.