Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
293
оқылды
Ақтөбе облысы Темір ауданында тағы да жол апаты болды. Жүргізуші мен 10 жастағы бала көз жұмып, үшеуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға бүгін сағат 17:00-де «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тасжолында тіркелді. ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан «Тoyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тoyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге 4 жолаушы Темір аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, ауруханаға түскен 10 жастағы бала есін жимастан көз жұмды. Ол бас-ми жарақатын алған. Өзге үш науқас та бас-ми жарақатын алған. Аудан дәрігерлері санавиация шақырды.