Джокович Астанаға келеді
Джокович Астанаға келеді
Джокович, Астана, бірінші ракетка, Astana Open, жарыс
363
оқылды
«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович 1-9 қазанда елордада өтетін Astana Open АТР 500 жарысында ойнайды. Қазақстан теннис федерациясы сербиялық спортшының 23-25 қыркүйекте Болат Өтемұратовтың арнайы шақыртуымен Астанаға келетінін мәлімдеді. Astana Open додасында сонымен қатар «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және тағы басқалары өнер көрсетеді. Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР) бастаған «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпаздары, Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах – Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.

Асыл ТҰМАР