Қарағанды облысындағы ауыл маңынан әйел мен қызы өлі күйінде табылды
Қарағанды облысындағы ауыл маңынан әйел мен қызы өлі күйінде табылды
© baq.kz
2,013
оқылды
Әйел мен оның қызының мәйіті 24 қыркүйекте сағат 16:00-де табылды, – деп хабарлады  ПАТРИОТ Telegram-каналы. Екі адамның өлі денесі Қарағанды облысы Ақтас ауылы маңынан табылды.
«Ақтас ауылының ағаш егілген жерінен 33 жастағы әйел мен 7 жасар қызының иісі шығып кеткен мәйіті табылды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2,3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.