Қызылордада 43 жастағы әйелді атып кеткен ер адам ұсталды
Қызылордада 43 жастағы әйелді атып кеткен ер адам ұсталды
1,601
оқылды
Қызылордада танысын өлтіруге оқталған күдікті қамауға алынды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, оқиға бүгін, 5 қазанда Қызылорда қаласында болған. 56 жастағы азамат атыс қаруымен 43 жастағы таныс әйелді жарақаттап, оқиға орнынан қашқан.
«Күдіктінің кім екені анықталып, полиция тарапынан жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Айғақты заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұлтанқұлов.
Ведомство мәліметінше, жәбірленуші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ота жасалып, дәрігерлік бақылауға алынды.