Саяси тұғырнаманың жаңа принциптері мен бағыттары анықталды – Елнұр Бейсембаев
Саяси тұғырнаманың жаңа принциптері мен бағыттары анықталды – Елнұр Бейсембаев
508
оқылды
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсембаев «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV съезінде партияның жаңадан бекітілетін Саяси тұғырнамасына қатысты пікір білдірді.  –Біріншіден, Саяси тұғырнама партияның 20 жылдық тарихында алғаш рет қазақ тілінде жазылды. Осының өзі маңызды өзгерістердің бірі. «AMANAT» партиясының бұл тұғырнамасы – елдегі 70 пайыз қазақтың пікірін көрсететін құжат. Бәріне түсінікті болу үшін жаңа құжат  құрмалас сөйлемдермен емес, жеңіл әрі түсінікті тілде жазылды. Екіншіден, әрине  Саяси тұғырнама бүкіл мәселені шешетін басты құжат деуге келмес. Алайда партияның алдағы 20 жылдықтағы бағыт-бағдарын анықтайтын негізгі қағидаттарымыз. Сол жағынан алғанда біздің Саяси тұғырнамамыз жаңарды, принциптері шегеленді, бағыт-бағдары анықталды, – деді депутат.