Айдос Сарым: Құжат дайындау барысында 1 000-нан астам ұсыныс түсіп, 40 мыңдай әлеуметтік сауалнама жүргізілді
Айдос Сарым: Құжат дайындау барысында 1 000-нан астам ұсыныс түсіп, 40 мыңдай әлеуметтік сауалнама жүргізілді
165
оқылды
Саяси тұғырнаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, «AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде жаңадан бекітілген Саяси тұғырнамасына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл құжатта партия Қазақстанның болашағы туралы идеясын айқын көрсетіп, өзінің ниеті мен мақсаттарын белгіледі. «Жаңа саяси платформа – бұл жалпыпартиялық құжат. Платформаны дайындау барысында іс жүзінде әр дауыс пен көзқарас құнды дейтін плюрализм принциптеріне адалдығымызды дәлелдедік. Платформа жобасын кеңінен талқылауды ұйымдастыра алдық. 2022 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында барлығы 1 000-нан астам ұсыныс түсіп, 40 мыңнан астам әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жұмыс тобының мүшелері құжат дайындау барысында зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ партиялықтардың ұсынысы мен талап-тілегін толыққанды ескерді. Жаңа партиялық құжат қоғамның әртүрлі топтарының көзқарасы мен мүддесін көрсетеді», – деді Мәжіліс депутаты.