7 қазанға арналған ауа райы болжамы
7 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: twitter.com
226
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік, батыстың ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді. Соның әсерінен солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.