Мәжіліс депутаты Ауған соғысы ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті
Мәжіліс депутаты Ауған соғысы ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті
435
оқылды
Бүгін Мәжілісте Ауғанстандағы әскери операцияларға қатысқан ардагерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылды. Республика күніне орай берілген марапаттарды Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл салтанатты түрде табыс етті. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Боровский Анатолий Владимирович «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Данабеков Ержан Сүлейменұлы, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен – Айтбаев Савет Мұратұлы марапатталды.