Бүлдіршін өмірін құтқарып қалған мемлекеттік қызметші марапатталды
Бүлдіршін өмірін құтқарып қалған мемлекеттік қызметші марапатталды
612
оқылды
Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Мәлікұлы Қамзин Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың алғыс хатымен марапатталды. 15 қазанда Мұрат Камзиннің жедел және жанкештілік әрекетінің арқасында Жайық өзеніне батып кете жаздаған екі жасар бала құтқарылды. Бүлдіршін өзен жағасында әжесімен серуендеп жүрген кезінде суық суға құлаған. Оқиға орнының жанында болған мемлекеттік қызметші ойланбастан өзенге секіріп, бүлдіршінді құтқарып алған. Ерлік жасаған М.Камзинге Агенттік төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов табыстады. Мұрат Қамзин мемлекеттік қызметте 4 жылдан астам еңбек етеді.