Петропавлда ер адам жоғарғы қабаттағы балконнан құлады: полиция оқиғаға пікір білдірді
Петропавлда ер адам жоғарғы қабаттағы балконнан құлады: полиция оқиғаға пікір білдірді
© pkzsk.info
4,724
оқылды
Петропавлда ер адамның жоғарғы қабаттан сыртқы баспалдаққа құлаған видеосы тараған болатын. Полиция  жағдайға толық пікір білдіріп, ер адамның мас күйінде құлап, кейін есін жиып пәтеріне қайта кіргенін және ешқандай шағымы жоқ екенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 15 қазанда таңғы уақытта болған. Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасовтың айтуынша, 38 жастағы азамат Петропавлға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан жұмыстарымен келген. “Ол Әуезов көшесі бойындағы үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдаған. Айтуынша, пәтерде жалғыз болған, спирттік ішімдік ішкен. Темекі шегуге балконға шыққан кезде ол тепе-теңдікті сақтай алмай, төменге құлаған. Біраздан соң есін жиып, өзі пәтеріне оралған. Медициналық көмекке жүгінбеген, ешкімге арыз-шағымы жоқ. Кейін аман-есен автобуспен тұрғылықты жеріне жол тартқан. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты”, – деді Сейілбек Елжасов.