Қызылорда облысында екі көлік өртеніп кетті
Қызылорда облысында екі көлік өртеніп кетті
446
оқылды
Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік толығымен жанып кетті, Оқиға 29 қазан күні сағат 10.40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков және Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды. «Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Cоқтығысу салдарынан «Audi 100» және «Daewoo Nexia» көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.