Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
838
оқылды
Жетісу облысында қуаты 2-3 балл болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция хабарлады.
"ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станса желісінде 30 қазанда сағат 00.08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 241 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 25 шақырым. Сонымен қатар Қоңырөлең кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында 2-3 балдық жер сілкінісі байқалған.