Президент Әкімшілігіндегі ауыс-түйіс: Баспаев, Жайсаңбаев, Оспанқұлов қызметке тағайындалды
Президент Әкімшілігіндегі ауыс-түйіс: Баспаев, Жайсаңбаев, Оспанқұлов қызметке тағайындалды
Фото: 365info.kz
429
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент  Әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президенті  Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын» делінген ресми құжатта.
Сонымен қатар Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Президент өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Президент Әкімшілігі  Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.