Президент теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады
Президент теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады
Фото: gov.kz
205
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.