"Ювентустің" бұрынғы ойыншысы 49 жасында көз жұмды
"Ювентустің" бұрынғы ойыншысы 49 жасында көз жұмды
© news.myseldon.com
531
оқылды
Футболдан Уругвай құрамасының бұрынғы қорғаушысы Фабиан О’Нил 49 жасында көз жұмды, – деп хабарлайды "Матч ТВ" Бұрынғы футболшы жексенбі күні Монтевидеодағы ауруханалардың бірінде қайтыс болған екен. Бұл емдеу орталығына ол бауыр цирозымен жатқызылған болатын. Уругвайдың футбол қауымдастығы ұлттық команданың экс ойыншысының өлімін растады. Айта кетейік, О’Нил өзінің автобиографиялық еңбегінде алкоголизм кеселінен зардап шеккенін жазған. 2020 жылы ол бауыр ауруымен ауруханаға бір түскен болатын.
О’Нил клубтық деңгейде "Кальяри", "Ювентус" пен "Перуджада" ойнаған. Ал Уругвай құрамасында 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысты.