Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін
918
оқылды
Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы – «Әл-Наср» және «Әл-Хилал» ойыншыларынан жасақталған команда болмақ,  - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында. Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың «Әл-Наср» сапына қосылғаны белгілі болды. Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.