11 орын – 11 медаль
11 орын – 11 медаль
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен қысқы Уни­версиада ойындары аяқталды. Әлемнің 50 елінен 1 400-ден астам студент-атлет қатысқан сында 86 жүлде сарапқа салынды. Байрақты бәсекеде ел атынан 78 спортшы бақ сынап, 11-орынға тұрақтады. Екі жылда бір ұйымдас­ты­ры­латын жарыс 2021 жылы Швей­ца­рияның Лозанно қала­сын­да өте­ді деп бекітілген-ді. Алайда ко­­­ронавирус салдарынан Уни­вер­сиада ойындары кейінге қал­ды. Осылайша, 31-ші қысқы Уни­вер­сиа­даны АҚШ-тың Лейк-Плэ­сид қаласы қабылдады. Жалпы қорытынды бойынша Уни­версиадада бірінші орын 48 медалі бар Жапонияға бұйырды. 29 медальмен Корея екінші орын ал­са, үшінші орынды Канада ие­ленді (13 медаль).
«Біздің студенттік құрама қыс­қы Универсиадада керемет нә­тиже көрсетті. 11 отандық жо­ғары оқу орнынан 78 спортшы 10 спорт түрінен жарысып, 11 ме­даль жеңіп алды. Биатлон­шылар екі алтын, күміс және қола жеңіп алды. Трамплиннен секірушілер де жақсы өнер көрсетіп, отандық құраманың қоржыны тағы бір алтын және күміспен толықты. Біздің шорт-трекшілер мен шаңғышылар да ерекшеленді. Сондай-ақ, шай­балы хоккей командасын ерекше атап өткім келеді. Олар топтық кезеңде үздік­тердің қатарында болды. Ал қола үшін сайысты Универсиада көшбасшылары – жапондық­тарды жеңді. Барлық жүлдегер­лерді жеңістерімен құттықтай­мын», – деп атап өтті министр Сая­сат Нұрбек.
Тарқатып айтар болсақ, ел құрамасы үш алтын, төрт күміс, төрт қола медаль еншіледі. Биатлоншы Вадим Куралес доданың үшінші күні жарыс жолына шығып, алғашқы алтынды жеңіп алған еді. Тағы бір биатлоншымыз Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымдық спринтте үздік нәтиже көрсетті. Александр Мухин болса аталған спринтте қола медаль еншіледі. трамплин Шаңғымен секіру жарысына келсек, Данил Васильев қалыпты трамплинде шаңғымен секіру бойынша алтын алып, Универ­сиада чемпионы атанды. 257,3 ұпай жинаған ол австрия­лық екі қар­сыласы Макси­милиан Лин­чер мен Тимон Пас­каль Кахо­ферді қапы қал­дырды. Биыл шорт-трек­тегі же­тіс­­тік­пен бас­тал­ған жыл жалғасын тауып, Лейк-Плэсидтен де бос қайт­қаны­мыз жоқ. Құрама екі күміс еншілеп, ел қоржынын еншіледі. Аралас эстафета бойынша Яна Хан, Мәлика Ермек, Алина Әжіғали­ева, Әлішер Абулка­тимов, Әділ Ғали­ахметов және Еркебұлан Шамұқанов бақ сы­нады. Ал ерлер құрамасы сапын­да Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулкамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұ­қанов және Валерий Клименко қатысып, күміс тұғырдан кө­­рінді. Шаңғы спортынан алты спортшы ел намысын қорғады. Соның ішінде Ксения Шалыгина жүлдеге ие болды. Шаңғышы қыз қоладан алқа тақты. Мұны­мен тоқтамай ол коман­далық сында Айша Рақышева және Надежда Степашкинамен бірге топқа түсіп, мәре сызығына үшінші болып жетті. шор-трек Осы Универсиада ойындары кезінде хоккейшілердің тыңнан түрен салғаны бар. Топтық кезең­де көш бастап, тек АҚШ-қа жол берді. Қола жүлде үшін бәсекеде жігіттер жапон хоккей­шілерін 8:1 есебімен жеңіп, қоржынға кезекті қоланы салды. Есте болса, Қазақстан құ­рамасы 2017 жылы Алматыда өткен қысқы Универсиада да үздік нәти­же көрсетті. Барлығы 38 медаль еншілеп, жалпы есепте екінші орын алды. Мәселен, биатлон бойынша спортшылар 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде алды. Шаңғы спортынан 5 күміс, 2 қола медаль жеңіп, мерейіміз тасыған-ды. Ал келесі қысқы Универсиада ойындары 2025 жылы Италия­ның Турин қаласында өтеді. Айта кетерлігі, аталған қалада Универ­сиада жалауы үшінші рет жел­біре­мек. 1959 жылы және 1970 жылы жазғы дүниежүзілік Уни­версиада, 2007 жылғы қысқы Универсиада өтті.

Айбике ЖАНАСЫЛ