26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: Тұрар Қазанғапов
343
оқылды
«Қазгидромет» синоптиктері 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлері жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Басқа аймақтарда қар жауады, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте тұман түседі. Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 25 градус қатты аяз болады. Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -11-13 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -2-4 градус болады. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз +1+3 градус болады.