Композитор Сейіл Аяған қайтыс болды
Композитор Сейіл Аяған қайтыс болды
Фото: khabar.kz
11,378
оқылды
Композитор Сейіл Аяған өмірден өтті. Қаза туралы журналист Жанарбек Әшімжан Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Қайран, Секем… Жасаған берген жаратылысы бөлек Сейіл Аяған, аға дос, сіз де көштіңіз бе мына бейопа жалғаннан. Жаратқан иеміз көрмеген көшеңізден жарылқасын. Өзі мың құбылып тұрған мына дүниеге сіздің ғажайып әніңіз сәуле шашып тұр еді. Амал жоқ… Сейіл кетті дегенше, пейіл кетті десеңші…», – деп жазды журналист.
Композитор «Жас қалам», «Қоштасу», «Таң самалы» және т.б. әндердің музыкасын жазған.