КСРО-ның «Халық әртісі» атағы үшін берілетін үстемеақы 2 есе ұлғаяды
КСРО-ның «Халық әртісі» атағы үшін берілетін үстемеақы 2 есе ұлғаяды
1,336
оқылды
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізілмек. Мұндай құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. «Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге базалық лауазымдық айлығының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді» делінген жаңа редакцияда. Айта кетейік, қолданыстағы тәртіп бойынша мұндай құрметті атағы бар азаматтарға өз жалақысының 50% көлемінде үстемеақы берілетін. Енді оның мөлшері 100%, яғни толық айлық мөлшеріне дейін көтерілмек. Қаулы жобасын ашық талқылау 10 ақпанға дейін жалғасады.