Жүк тасымалының көлемі артты
Жүк тасымалының көлемі артты
255
оқылды
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауран­баевты қабылдады. Мемлекет басшысына ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нә­тижесі, теміржол саласын дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспары, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, «Қа­зақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамы­ның жүк тасу айналымы 252 миллиард тонна-шақырымға дейін артты. Бұл – еліміздің тәуел­сіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіші. ЖПЭ-мен (жиырма пұттық эквивалентпен) есептегенде, жалпы контейнермен тасымалдау көлемі 1,129 мыңға дейін өсті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфра­құрылым­дық жобалардың іске асырылуы жөнінде баян­далды. Үш жылда барлығы 1 285 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Бұл жүк та­сы­малының кө­лемін ұлғайтып, еліміздің экс­порт­тық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол құры­лы­сында пайдаланылатын қазақ­стан­дық өнім­дер мен қызметтердің үлесі – 85 пайыз. Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» бас­шысы Президентке халықаралық көлік дәліз­дерін дамыту және Ақтау, Құрық теңіз портта­рының өткізу қабілетін кеңейту жұмыстарының барысы, сондай-ақ шетелдік ірі көлік-логисти­калық компаниялармен ынтымақтастық мәсе­лелері жөнінде айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы темір­жол инфрақұрылымын дамытуға және жаң­ғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.