Министр жекеменшік жоғары оқу орындарына бірігуді ұсынды
Министр жекеменшік жоғары оқу орындарына бірігуді ұсынды
682
оқылды
Шымкентке ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек іссапармен келді. Ол ҚР ЖОО қауымдастығы ұйымдастырған “Жекеменшік білім беру серіктестік және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбындағы ауқымды шараға қатысты. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында қауымдастық Президенті Рахман Алшанов жекеменшік жоғары оқу орындарының ешкімнен қаржы сұрамай өз беттерінше талай білімді мамандарды даярлап шыққанын, оларға қолдау көрсету керек екенін атап өтті. Жиын барысында Шымкенттегі және еліміздің өзге аймақтарынан келген жекеменшік оқу орындарының басшылары өздерінің білім беру бағдарламаларымен, әлеуметтік жағдайымен таныстырды. Мән-жайды тыңдаған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келешекте мемлекеттік және жекеменшік деп бөлмей, бір бағытта қолдау көрсетілетіндей жоба жасалынатынын жеткізді. Одан бөлек, инвесторлармен жұмыс жүргізудің тиімділігін, ол үшін бірігуден, яғни кооперациядан қашпау керектігін айтты.
«Менің мақсатым — кооперацияға үйрету. Инвесторға майда оқу орындарымен емес, әлеуеті үлкен оқу орындарымен жұмыс істеген қолайлы. Сондықтан мүмкіндікке әбден есептелінген бизнес көрқараспен қараңыздар. Шындап келгенде, Үкіметтен келген ақша бағаланбайды. Сапаға ішкі мотивация болмайды. Ал инвестор сізден сапаны қатты талап етеді. Жекеменшік оқу орындарының ерекшелігі де осында, бәсекелес үшін олардың дамуы жылдамырақ»,--деді министр.