БҚО-да 13 автокөлікті тонаған екі жігіт ұсталды
БҚО-да 13 автокөлікті тонаған екі жігіт ұсталды
774
оқылды
Батыс Қазақстан облысында үш күнде 13 автокөліктен ұрлық жасаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 13 көлікке ұрлыққа түскен күдіктілерді Зачаганск полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. 15-18 қаңтар аралығында олар оңай олжа табу мақсатында қала аумағындағы барлық ықшамауданда болып, автокөліктерден аккумулятор, автомагнитола, көлік иелеріне тиесілі өзге де жеке заттарды ұрлаған.
«Мәселен, 15 қаңтар күні түнгі сағат 23:00-де олар Зачаганск ықшамауданындағы жер үйдің ауласында тұрған Audi көлігінің салонынан сұр түсті батарея мен 10 литрлік темір канистрді ұрлаған. Ал 16 қаңтарда Зачаганск ықшамауданындағы жер үйдің ауласында тұрған ВАЗ 2107 көлігінен магнитофон, аккумулятор, 2 дана дыбыс зорайтқыш, қосалқы дөңгелек сынды бұйымдарды ұрлап кеткен» делінген полиция хабарламасында.