Кинодан кем түспейді
Кинодан кем түспейді
608
оқылды
Америкалық киноөнер академиясы 2002 жылдан бері «Үздік толықметрлі анимациялық фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын табыстап келеді. Бұл жүлдені алғашқы болып «Шрек» мультфильмі жеңіп алған бо­латын. Аталмыш жанрға жеке жүл­де табысталған уақытқа дейін му­льтфильмдер жалпы немесе ар­найы номинацияларға ғана ұсы­ны­латын. Мәселен, 1992 жылы «Сұлу мен құбыжық» туындысы «Үз­дік фильм» аталымына ұсы­ны­лып, осы категориядағы алғашқы ани­мациялық картина болды. Ал «Ақ­шақар мен жеті ергежейлі», «Род­жер қоянын кім жақтады?» жә­не «Ойыншықтар оқиғасы» туын­­дылары 1939, 1989 және 1996 жыл­дары «Оскардың» арнайы сый­лығын алды. Аталмыш номи­нация бойынша премия ұсынылуы үшін бір жыл ішінде кем дегенде 8 толықметрлі анимациялық фильм Лос-Анджелестегі кинотеатрларда көр­сетілуі тиіс. Ұзақтығы 70 ми­нут­тан асуы шарт. Биыл да бұл жүлденің иегері та­былды – Netflix-тің Guillermo del Toro's Pinocchio анимациясы. «Пи­нок­кио» америкалық қуыршақ фи­­льмін италиялық автор Карло Кол­лодидің «Пиноккио хикаясы» ер­тегісінің желісімен режиссерлер Гильмеро дель Торо мен Марк Гус­тафсон түсірді. Бозбалаға айна­ла­тын ағаш қуыршақ туралы туынды әлем­дік киногерлер жоғары баға­ла­ды. Балалар ертегісіне осын­ша­лық­ты ойлы, терең мазмұн салуда ше­берлік танытқан туынды: мұн­дай айтылған әрбір ой әр бұрынғы ересек қауымның болашақ ұр­па­ғына аманаты іспеттес. Алдағы «Спой­лерде» бұл картинаға жеке тоқ­талармыз бәлкім. Бұл санда 2002 жылдан бері осы номинация бойынша ең көп (барлығы 11 жүл­де) «Оскар» алған Pixar студия­сы­ның үздік картиналарын ұсынғы­мыз келеді. «Коконың құпиясы» – 2018 жы­лы «Оскар» алған Эдриан Мо­ли­на мен Ли Анкричтің туындысы. Фильмнің басты кейіпкері – 12 жас­тағы Мигель. Ол танымал му­зы­кант болуды армандайды. Бірақ оның мексикалық отбасында әл­декімнің музыкамен айналысуына қарсылық бар. Өйткені Мигельдің арғы атасы музыкант боламын де­ген арманын қуып, отбасын тас­тап кеткен. Сондықтан Мигель сүйікті ісі­мен құпия айналысамын деп ше­шеді. Ол өзінің сүйікті әншісі, осы күнде марқұм болған Эрнесто де ла Кустомен кездесу үшін өлілер әлеміне аттанады. Ал онда ол өзі­нің арғы атасын кезіктіріп, ла Кус­то­ны бірге іздейді. Қысқаша сю­же­ті осы, әлбетте фильм хеппи энд­пен аяқталады. Көруге жеңіл, сюжеті ойнақы, әзілге құрыл­ғаны­мен, мазмұны тым терең. Мұнда от­басы құндылығы ерекше дәріп­те­леді. Мигель тұратын кішкентай ауыл­дың халқы жылына бір рет «Отбасы» күнін тойлайды. Олар­дың сенімі бойынша осы күні мар­құм туыстары көктен жерге түсіп, өз шаңырағына қонаққа келеді-мыс. Жергілікті жұрт атаулы күні үй маңын тазалап, түрлі тәттісін пі­сі­ріп, дастарқан жаяды. Көп шам жа­ғып, алдына өздері күтетін мар­құмдардың суретін қояды. Ми­гель­дің әжесі оның музыкант ата­сына ренжіп, жылдар бойы су­ретін майшамның алдына қой­май келеді. Сәйкесінше, оның ар­ғы атасы қанша жерден қателігін тү­сінгенімен, жердегі отбасымен қауыша алмай жүреді. Фильмде от­басы күніндегі жер мен көктегі көңіл күй қатар көрсетіледі. Он­да­ғы марқұмдар әлемін әсерлі си­пат­тайтыны соншалық, сөзсіз сенесің, тіп­тен ендігі жерде мұндай әлем жоқ дейтін жанды жақтырғың кел­мейді. Бұл фәниде кез келген адам­ның Аллаға қайтқан жақыны бар. Марқұмның қайда қандай күй ке­ше­тіні, онымен ендігәрі кезде­сіп-кездеспейтінің бала түгілі ере­сек санасына ауыр сауал. Бұл кар­тина бұ дүниеде отбасының бәрі­нен қымбат екенін, бақилық бол­ған жақыныңның басқа өмірі бо­латынына сендіреді және оны­мен кездесу үшін кешірімді болуға үндейді. фильм «Жан» – 2021 жылы «Оскар» алған Пит Доктердің туындысы. Әдет­те мультфильм мазмұны жеңіл болуға тиіс-ті. Ал «Жан» – тұ­нып тұрған пәлсапа. Тұлға деген кім? Тағдырың о баста жазылып қоя ма? Өмірдің мәні не? Осы мән­дес сауалдарға жауап іздейтін му­льт­фильмнің басты кейіпкері –джаз ансамблінде болуды арман­дай­­тын қарапайым мектеп мұ­ғалі­мі Джо Гарднер оқыстан қаза тауып, рух әлеміне түседі. Бұған дейін «Головоломка» және «Вверх» туындыларын (бұл екеуі де «Оскар» алған) жасаған қиялы шексіз Пит Доктер бұл картинаның мазмұнына адамның жан тазалығы мен рухани байлығы турасында түрлі даналық салған. Бүгінде толықметрлі анима­ция­лық картиналардың айтар ойы асыл. Үлкенге де, кішіге де белгілі бір идеяны нұсқайтын мұндай фильм­дерді асылы көңіл көтеру үшін емес, жаныңа медет қылуға кө­ретіндейсің...

NooNa