Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек – Мемлекет басшысы
Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек – Мемлекет басшысы
306
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек деп атап өтті. – Ұлттық жобалар уақытылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды Өздеріңізге дауыс берген азаматтар үлкен үміт күтіп, сенім артып отыр. Депутаттар билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға үлес қосуы қажет. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орнықтыруға септігін тигізеді. Әсіресе, сайлауда жеңіске жеткен «AMANAT» партиясы осы жұмысқа белсене атсалысады деп сенемін. Партияның тәжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан, «AMANAT» партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.