Астанада Нұра мен Сарыарқа ауданына жаңа әкімдер тағайындалды
Астанада Нұра мен Сарыарқа ауданына жаңа әкімдер тағайындалды
Фото: gov.kz
845
оқылды
Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша екі ауданның әкімі тағайындалды. Қаладағы Нұра ауданына – Жүсіп Жұмағұлов, ал Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды. Жүсіп Жұмағұлов – президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын Астанадағы Инвестициялар және даму басқармасының маманы болып бастаған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, елорданың Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап елорда әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды. Бауыржан Ералы еңбек жолын Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары сарапшы, «Ахуалдық орталық» басқармасының бас сарапшысы, «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы болды. 2022 жылы «ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.