Тарихшы ғалым рухани жан дүниені байытатын қажетті ақпараттарды оқырман жүрегіне жеткізді.
Тарихты білу – ұрпаққа парыз
1,827
оқылды

Абай облысының орталығындағы өлкетану мұражайында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті.

Шәкәрім университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Амантай Исаұлы қатысушыларға қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең туралы көне тарихтан сыр шертетін әңгіме жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – 1723-1727 жылдардағы Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен таныстыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету.

Тарихшы ғалым рухани жан дүниені байытатын қажетті ақпараттарды оқырман жүрегіне жеткізді. Тарихты білу  ұрпаққа парыз екенін ұмытпайық!