Қызылорда облысы Қазалы ауданында екі жүк көлігі соқтығысты.
Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты
1,420
оқылды

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 02:10 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының 1463-шақырымында болды. 

«Тасжолда DAF үлгісіндегі жүк көлігі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Volvo маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – деді полицейлер. 

Факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: prikol.ru