Алдын ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес.
Петропавлда автобус аялдамасына соғылған жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған
739
оқылды

Петропавлда автобус аялдамасына соғылған жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Қоғамдық көлікке де зақым келді.

«26 мамыр күні сағат 13:30 шамасында Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны Жамбыл көшесінде «Honda Fit» маркалы көлік құралын басқарып келе жатып жолаушылар тасымалдайтын «Lifan» маршруттық автобусымен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Honda Fit» автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ішінде автобусты күткен адамдар тұрған Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған.

Жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге зардап шеккен үш адамды жеткізді.

Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды.

Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес», – делінген Полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізіліп жатыр.