Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар
27 мамырда еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
527
оқылды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

27 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болуы мүмкін.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

27 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 27 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.