Электр энергиясының өшу себебі анықталуда
Алматыда бір ауданның тұрғындары жарықсыз отыр
871
оқылды

 Алматыда Алмалы ауданының тұрғындары кешкі 18.00-деп бастап жарықсыз отыр.

«Алатау Жарық» компаниясының мәліметінше, бүгін кешкі 18.00-де Алмалы ауданында электр энергиясы өшіп қалды.

Қазіргі уақытта электр жарығы қаланың Шагабутдинов, Жамбыл, Әйтеке би, Құрманғазы, Қазыбек би, Масанчи, Шевченко, Мұратбаев, Амангелді, Әди Шәріпов, Желтоқсан, Мұқанов көшелерінде жоқ.

«Электр энергиясының өшу себебі анықталуда. Электр энергиясынсыз қалған аумақты төмендегі картадан көруге болады», - деп хабарлады «Алатау Жарық» компаниясы.