Жастықпен көп дү­ние­ге мән бермейді екен­біз. Жа­нымызда жүр­ген жақсылар жыл өт­кен сайын ара­мыздан алыстай беретініне соң­ғы кездері көзі­міз жетіп келе жатыр.
Барша айтыскердің анасындай еді

Сәжида анамыз да бақи­лықтың баянды есігіне бет тү­­зетіпті. Ол кісі барлық ай­тыста жүрген ақындардың ана­сын­дай еді. Апамызға сәлем беріп барып, қолынан дәм тат­паған ақын кемде-кем шығар. Өзіміз де Семейге барған сайын Мақсұт әкеміздің шаңырағына қонып, анамыздың шәйін ішіп, батасын алып қайтушы едік. Қа­шан көрсең де, са­бырлы қалпын жоғалтпайтын, жүрегінің мейірімі жүзінен кө­рініп тұратын ардақты жан еді апамыз. Серікзат аға­мыздың көпшілдігі, кісінің көңіліне қарап сөйлейтін жұм­сақтығы, кішіге қамқорлығы ананың сүті­мен келген асыл қасиет шығар. Он құрсақ көтеріп, ұлт­қа қызмет еткен ұл-қыздарды тәрбиелеп өсірген аяулы анамыздың өнегелі ізі кейінгі ұрпаққа үлгі. Сәжида анамыздың қолынан татқан астың таңдайымызда дәмі, аялы алақанының маңдайы­мызда табы қалды. Жаныңыз жәннатта болсын, асыл ана!

Мейірбек СҰЛТАНХАН, 

айтыскер ақын