Желі қолданушылардың айтуынша, видеодағы ер адам әкімге ұқсамайды және олар әкім мұндай қарапайым асханада ас ішуі мүмкін емес деп есептейді. 
Желіде Қонаев әкімінің қаладағы қарапайым асханада тамақ ішіп отырған видеосы тарады
4,775
оқылды

Желіде Қонаев әкімі Нұрлан Құматаевтың қаладағы асханалардың бірінде тамақ ішіп отырған видеосы тарады,  деп хабарлайды Massaget.kz.

Желі қолданушылардың айтуынша, видеодағы ер адам әкімге ұқсамайды және олар әкім мұндай қарапайым асханада ас ішуі мүмкін емес деп есептейді. 

Облыстың баспасөз қызметі өкілдері Massaget.kz редакциясына видеодағы ер адамның Қонаев әкімі екенін растады.

"Шынымен де видеодағы ер адам Қонаев қаласының әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы. Бұл жағдай демалыс күндері болған. Ол қаланы аралап болғаннан кейін ас ішуге кірген. Жанында орынбасары мен бөлім басшысы болған", – деп жауап берді облыстың баспасөз қызметі өкілдері.