Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
892
оқылды

"Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!" – деп жазылған құттықтауда.

Айта кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр