«Қазгидромет» 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
7 маусымға арналған ауа райы болжамы
4,947
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Cоған байланысты найзағай мен өткінші жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батыс, оңтүстік, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында аптап ыстық болады.

Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында ыстық сақталады. Алматы және Жетісу облысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Атырау облысының солтүстік, шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.