Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында 6 тамыз күні Бейжің уақытымен сағат 02:33-те 5,5 балдық жер сілкінісі болып, 21 адам зардап шекті. Бұл туралы провинцияның төтенше жағдайлар басқармасы хабар таратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайдың шығысында жер сілкінісінен 126 ғимарат қирады
798
оқылды

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, Шаньдун провинциясының Дэчжоу қаласындағы Пингюань округінде болған үлкен жер сілкінісінен кейін 50-ден астам жер сілкінісі тіркелді.

Бейжің уақытымен сағат 8.00-дегі жағдай бойынша жер сілкінісі аймағында 21 адам жарақат алды, шамамен 126 ғимарат құлады.

Жексенбіде Шаньдун провинциясындағы пойыздардың қозғалысы жер сілкінісінен кейін ішінара тоқтатылды. Жергілікті биліктің мәліметінше, байланыс және энергиямен жабдықтау жүйелері әдеттегідей жұмыс істей береді.

Провинция билігі шұғыл әрекет ету шараларын бастады. Жер сілкінген аумақтарға өрт-құтқару жасақтары жіберілді.