Ұсталған азаматтың пәтерінен де тыйым салынған заттар табылды.
Шымкентте «курьер» ұсталып, одан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
1,849
оқылды

Шымкент қаласында самокат мінген есірткі қойып кетуші ұсталды. Күдіктіден аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында түнгі уақытта қараңғы көшеде самокат айдап жүрген жас жігіт есірткімен күресушілердің күдігіне ілікті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 дана орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ тапты.

Сондай-ақ жедел уәкілдер ұсталған азаматтың пәтерін тінтіп, одан 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі.