Мұғалімдер ата-аналарды айыппұлмен қорқытып жатыр ма?

Мұғалімдер ата-аналарды айыппұлмен қорқытып жатыр ма?

Кеше әлеуметтік желіде сынып жетекшісінің ата-аналарға жазған хабарламасы пайда болды. Онда мұғалім бала мектептен қалған жағдайда түсініктеме қабылдамайтынын ескерткен. Тек сырқаттық парақшасы ғана сабақтан қалуға себеп бола алады екен. Ал мұндай парағы болмаса, ата-анасына 15 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл хабарлама ата-аналарды дүрліктірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Өскемен қалалық білім бөлімінде хабарламаға ызаланған ата-аналарды сабырға шақыруда. Олардың айтуынша, бұл жалған хабар. Егер бала ауырып қалса, ата-анасы сынып жетекшісіне қоңырау шалып, мектепке бара алмайтындары жайлы ескертеді. Емделіп, жазылған соң мектепке медициналық анықтама өткізуге тиіс.

Сондай-ақ, қандай да бір себептермен мұндай анықтама ала алмайтындай жағдай болса, күні бұрын сынып жетекшісіне баланы сабақтан бірнеше күнге босату жөнінде өтініш жазуға немесе бала мектепке қайта оралғанда жазбаша түсініктеме беруге болады.

Алайда бала дәлелді себепсіз он күннен артық уақыт сабақтан қалса, ата-анасын жауапқа тартуы әбден мүмкін.

Ал сабақтан қалғаны үшін заңсыз айыппұл талап ету фактілері туралы қалалық білім бөліміне хабарлау қажет екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста