Placeholder
Новости Казахстана26 мая 2023, 15:18

Абай облысында өрттің ғарыштан түсірілген бейнесі жарияланды

"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы Абай облысындағы өрттің әуеден түсірілген бейнесін жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.  

Ғарыштан түсірілген суретте тілсіз жау шарпыған 3,5 мыңға жуық өрт ошағы байқалады. 

Абай облысының аумағында маңында бірнеше күннен бері орман өрті болып жатыр. Бірақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқтығын мәлімдеді. 

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша 24 мамырдағы жағдай бойынша жанған аумақтың жалпы ауданы 3942,8 гектарды, Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт аумағы 2915,9 гектарды құраған.

Абай облысы Бородулиха ауданындағы өрт кезінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел штабымен тұрақты негізде жұмыс жүргізген. 
 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Gharysh Sapary (@gharysh_sapary)

 

Абай облысы Өрт Ғарыш

Новости по теме