Placeholder
Новости Казахстана25 мая 2023, 15:40

Әлемге танымал әнші Тина Тернёр 83 жасында өмірден өтті

Әлемге танымал әнші Тина Тернёр 83 жасында созылмалы аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тина Тернёрдің бақиға озғанын оның пиар қызметі растап отыр. 

Рок-н-ролл ханшайымы Тина Тернёр бүгін 83 жасында Швейцарияның Цюрих қаласына жақын жерде орналасқан Кюснахттағы өз үйінде созылмалы аурудан қайтыс болды. Онымен бірге әлем музыка аңызы мен үлгілі тұлғаны жоғалтты, - деп жазылған әншінің пиар қызметі жариялаған ақпаратта. 

Тина Тёрнердің дүниеге келгендегі есімі – Анна Мэй Буллок болатын. Кейін ол АҚШ және Швейцарияның танымал әншісіне айналып, көптеген әндердің авторы болды. Сонымен бірге биші әрі актриса ретінде есімі өнер әлемінде таныла түсті. Ол сегіз мәрте  «Грэмми» сыйлығының иегері атанып, «Рок-н-ролл ханшамайы» атағының иесі ретінде атын мәңгілікке қалдырған еді. АҚШ-тың "Rolling Stone" басылымы оны ХХ-ХХІ ғасырдың ең беделді әншісі деп танып, талай рет онымен сұхбаттар жариялаған еді. 

Тина Тернер Әнші өлім

Новости по теме