Placeholder
Фото: ҚР ІІМ
Новости Казахстана27 мая 2023, 4:20

СҚО-да өрісте жүрген малшыға найзағай түсіп қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында далада мал бағып жүрген малшы күн түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Солтүстік Қазақтан облысында 25 мамыр күні Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы тұрғындардың бірі хабарлаған. Сол күні ер адам өрістен атпен мал бағып жүрген.

Ауа райы күрт өзгеріп, соңынан найзағай ойнаған. Бұлтты күні жай оты ер адамға түсіп, атымен бірге оқиға орнына мерт болды.  

Аталған жағдайға қатысты полиция тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған 

СҚО Найзағай Малшы

Новости по теме