Placeholder
Новости Казахстана25 мая 2023, 14:45

Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Осыдан төрт күн бұрын Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсіп, полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні ізін суытпай сол уақытта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. Сондай-ақ, полиция тарапы көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтып отыр. 

Түркістан облысы Кәмелеттік жас Тергеу

Новости по теме