Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Еуразия27 наурыз 2024, 10:00

Өзбекстанда 6 су мен екі күн электрстанциясы жүйесі салынады

Өзбекстанда 6 су электр станциясы мен екі күн электрстанциясы жүйесі салынады. Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен жаңа электр станцияларының құрылысын іске қосу рәсімі өтті. Үш жобаның жалпы құны 1,1 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Өзбекстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наманған облысында үш жаңа энергетикалық нысанды салу жоспарлануда: каскадтағы алты су электр станциясы, сондай-ақ екі күн электр станциясы. Олардың жалпы энергетикалық қуаты 1228 МВт-қа жетеді, ал барлық үш жобаның құны 1,1 миллиард долларға бағаланады.Су электр станцияларының каскадын «Өзбекгидроэнерго» компаниясы жүзеге асырса, күн электр станцияларын іске қосуды Германияның Hyper Partners GmbH компаниясы мен БАӘ-нің Tepelen Group Holding Limited ұйымы қамтамасыз етеді.

Өзбекстан үкіметі қазіргі таңда жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге үлкен көңіл бөлуде.

Соңғы жылдары Самарқан, Навои, Джизах, Бұхара, Сурхандария және Қашқадария облыстарында жалпы қуаты 1,6 ГВт болатын жаңа күн және жел электрстанциялары салынды.

элекстрстанция күн электрстанциясы Өзбекстан

Тақырыпқа жаңалықтар