Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Еуразия16 сәуір 2024, 15:26

Өзбекстанның тұрақты халқының саны 37 миллионға жуықтады

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 36 963 262 адам болған.  16 сәуірде бұл сан 36 990 128 болды. Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% өсті. 2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігі хабарлады.

Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр.

2024 жылда әр күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 1,8 мың адамға артып отыр.

2024 жылдың қаңтар айында Өзбекстан халқының саны 36,8 миллионға жуықтаған еді.

Өзбектан халқы Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар