Placeholder
Фото: STREAMTIMELINE
Әлем26 наурыз 2024, 12:57

АҚШ-та автомобиль көпірі опырылды

АҚШ-тың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі өзенге құлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы BBC жазады. 

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, бұған дейін көпірге жүк кемесі соқтығысқан.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметінше, оқиға салдарынан бірнеше көлік көпірден құлап, жеті адам суға батқан.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаларға қарағанда, үлкен кеме жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30 шамасында көпірге соғылып, өртеніп, кейін суға батып кеткен.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

автомобиль көпірі АҚШ оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар