Placeholder
Фото: София Гатилова/Reuters
Әлем23 сәуір 2024, 13:00

БАҚ: Ресейдің соққысы Харьковтағы телемұнараны қиратты

Әлеуметтік желіде тараған видеода Харьков телемұнарасының жартысы жарылып, түтінге бөленіп, төбесі құлап жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Харьков облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов Ресей армиясы Харьковтағы телеинфрақұрылымға шабуыл жасағанын айтты.

Ал шабуылдан кейін облыста телехабар сигналында үзілістер тіркелді.

Синегубовтың айтуынша, шабуылдан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, телемұнараға шабуыл Х-59 зымыраны арқылы жасалған, деп хабарлады Харьков облыстық прокуратурасы.

Харьков телемұнара Ресей Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар