Placeholder
Фото: Michael Debets/Pacific Press/picture alliance
Әлем26 наурыз 2024, 12:23

Франция Crocus City Hall трагедиясынан кейін терактілерден қорқады

Франция Crocus City Hall трагедиясынан кейін терактілерден қорқады.  Террорлық қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі Мәскеу облысында болған оқиға аясында енгізілді, деп хабарлады Франция премьер-министрі Габриэль Атталь. Оның айтуынша, мұндай шешімді Эмманюэль Макрон шақырған елдің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ислам мемлекетінің шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алуын және біздің елге төніп тұрған қоқан-лоққыларды ескере отырып, біз Вижипиратты (террорлық қауіп-қатер туралы ұлттық жүйе – ред.) ең жоғары деңгейге – «төтенше» шабуылға дайындық деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдадық», - деді ол.

Аттальдың айтуынша, бұл тиісті ведомстволарға ықтимал лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін барынша кең ауқымды шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Франциядағы терроризм қаупінің ең жоғары деңгейі соңғы рет 2023 жылдың қазан айында «антисемиттік шабуылдар» мен Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюі жағдайында енгізілген.

Бұған қоса, наурыз айының басында Politico газеті Макронның Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында лаңкестік әрекет қаупі болуы мүмкін болғандықтан көрермендер санын қысқартуға бұйрық бергенін жазған.

Crocus City Hall Франция терактілер Қауіп

Тақырыпқа жаңалықтар