Placeholder
© Shakh Aivazov/AP Photo/picture alliance
Әлем17 сәуір 2024, 8:53

Грузия парламентінің жанына 15 мыңға жуық наразылық білдіруші жиналды

Грузия парламентінің алдына «шетел агенттері» туралы заңның қабылдануына қарсы наразылар жиналды. 15 мыңға жуық наразылық білдірушілерді арнайы жасақ оларды көзден жас ағызатын газ қолданып таратып жатыр, тұтқындаулар да бар, деп жазады жергілікті БАҚ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зардап шеккендерге көмек сол жерде көрсетіледі.

Наразылық тудырған «шетел агенттері» туралы заңға дауыс беру кешке дейін созылған пікірталастарға байланысты бүгінге қалдырылды.

Еске салсақ, Грузия парламентінің депутаттары шетелдік ықпал туралы заңды талқылап жатқанда төбелесіп қалған.

Оппозиция бұл заң ресейліктен үлгі алып, азаматтық қоғамға қарсы бағытталады деп есептейді.

Грзузия Тбилиси шетел агенттері Наразылық

Тақырыпқа жаңалықтар